Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында биыл 102 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Қазығұрт ауданында ағымдағы жылы 2 табиғи газ нысанының 4 елді мекенде құрылыс жұмыстарын жүргізуге 388 млн. теңге бөлінген. Негізінен 2020 жылы басталған нысан құрылысы биыл аяқталады. Нәтижесінде, 51 елді мекеннің 79,7% табиғи газбен қамту жоспарлануда. Тиісінше ол ауданның 102 235 тұрғыны немесе 95,4 пайызы.
Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі былтыр 92,2 пайызды құраған. Ал, биылғы жылда 1 елді мекен (Тесіктөбе) ауыз сумен қамтылмақ. Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен 6 елді мекеннің су құбырлары ағымдағы жөндеуден өтеді. Жалпы, аудан бойынша 60 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 93,7 пайызды құрайды деп күтілуде. Аудан халқының толықтай 100% таза ауыз сумен қамтылуы 2023 жылға жоспарланған.
Әрине бұл жобалар ертерек іске асса, аудан тұрғындары үшін жасалған жобалардың бірегейі болмақ. Қара күз түсе от жағатын бұл өңірлердің барлығы дерлік газға көшкенде экологиялық ахуал да жақсара түсетіні анық.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу