Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

«Түркістан облысын әлеуметтік — экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су нысандары құрылыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, «Түркістан магистральдық арнасы» күрделі жөндеуден өтуде. «Сыйымдылығы 18 млн. текше метр (м/3) Кеңсай — Қосқорған-2» су қоймасы салынып, «Жетікөл көлдер жүйесін» қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
«Түркістан магистральдық каналын» толтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық каналын салынып жатыр. Нәтижесінде, жылына ағын су пайдалану көлемі қосымша 195,4 млн. (м/3) артып, жыл-сайын қосымша 14 млрд. теңгенің өнімін өндіру мүмкіндігі ашылады.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 843,4 мың гектарға орналастыру, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 2 760 бірлік жобаны жүзеге асыру, 10,2 мың гектарға су үнемдеу технологиясын енгізіп, жалпы көлемін 34,3 мың га жеткізу көзделген. Негізгі капиталға 61 млрд., тамақ өндірісіне 9,6 млрд. теңге инвестиция тарту, балық шаруашылығын дамытып, 2030 жылға дейін тауарлы өндіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізіп, экспорттық әлеуетті арттыру жоспарланған. Жалпы өнім көлемін 850 млрд. теңгеге жеткізіп, бұл салада бір жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 2 млн. 830 мың теңгеге жеткізіледі.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу