Түркістан қаласында Шәмші Қалдаяқов пен Есімхан даңғылы пайда болады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Қала әкімінің орынбасары М. Базарқұлов, қалалық мәслихаттың хатшысы М. Таңғатаров және сессия төрағасы Ғ. Сәрсенбаевтың төрағалығымен Түркістан қалалық мәлихатының кезектен тыс екінші сессиясы өтті. Сессияға әкімдіктің дербес бөлім басшылары мен Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары қатысты.
Басқосуда күн тәртібінде тұрған мәселелер талқыла салынып, депутаттар бірауыздан дауыс бере отырып, бірқатар шешімдер қабылдады. Дауыс беру нәтижесінде, шаһардың 2021- 2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітіліп, тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушы азаматтардың санат тізбесі айқындалды.
Сонымен қатар, Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына қаламыздаға жаңа салынған даңғылдарға «Ш. Қалдаяқов» пен «Есімхан» атаулары берілуі ұсынылды. Және жер комиссиясы құрамына өзгерістер енгізіліп, қалалық мәслихат депутаты Ғани Меңдібаев қала әкімдігі жанындағы жер комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
@DIDARBEK.KZ