Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

ҰСЫНУ ҚАРАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында кешенді шаралар қабылдауда.
Солардың бірі, қылмыстық істерді тергеу нәтижесімен сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсынулар енгізіліп, мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда.
Осы ретте, бүгін Департамент басшысы А.Жұмағали, оның орынбасарлары Т.Серікбаев, Б.Ұзынжас, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбайдың, барлық аудан, қала әкімдерінің қатысуымен облыс активімен кездесу өтті. Жалпы шараға 50-ге жуық адам қатысты.
Шараны өткізуге облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысына қатысты қылмыстық істі тергеу нәтижесі бойынша енгізілген ұсыныс себеп болған.
Аталған лауазымды тұлға азаматтан жер теліміне мемлекеттік акті шығарып беру қызметі үшін өкілеттігін пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін алдау арқылы жымқырған деп күдіктелуде.
Онлайн кездесуде қатысушыларға бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігі мен жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу міндеті ескертілді.
Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралар талқыланып, заңсыз сыйақы алушыларға ғана емес, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарға да қатысты жауапкершілік қатаңдатылғандығы айтылды.
Осы ретте алдағы уақытта ұжымдар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, парасаттылық қағидаларын қалыптастыруға қатысты бірқатар ұсыныстар енгізілді.
Кездесуде облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н.Букебаев қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заңбұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыну бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, барлық ұсыныстар жіті назарға алынып, сол бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

 

 

Пікір жазу