Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЗАҚТАНУ ЖОБАСЫ — ҚОҒАМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

ҚАЗАҚТАНУ ЖОБАСЫ — ҚОҒАМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «қазақтану» жобасы аясында Қарнақ ауылында «Қазақтану жобасы- қоғамның ұйытқысы» атты кездесу өтті.
«Қазақтану» жобасы қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын насихаттауға, ұрпақ арасындағы байланысты дамытуға, жалпықазақстандық құндылықтарды қалыптастыруға, қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған.
Бұл жоба арқылы қазақстандықтар қазақ халқының тарихын тереңірек танып, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысады.
Кездесуге Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының маманы Ж.Аринова, Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С.Абдуханова, қалалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері, N10 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарихшы Т.Омаров, А.С.Пушкин атындағы N6 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Өскенова және Қарнақ ауылының тұрғындары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Іс-шарада қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері, оңтүстік өңіріміздің тарихи киелі орындары насихатталып, жарнама мәтінінде мемлекеттік тілдің қолдану заңдылықтары түсіндірілді.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу