Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САРБАЗДАР ТІЗІМІ ҚАЙТА ТҮЗІЛУДЕ

САРБАЗДАР ТІЗІМІ ҚАЙТА ТҮЗІЛУДЕ

Соғыс сарбаздарының тізімі қайта түзілуде, деп жазады Оңтүстік телеарнасына сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ.

Жылдар жылжып, ғасыр ауысса да күркіреп өткен кешегі соғыс жарасы әлі де жазылар емес. Өйткені, біздің елде де соғыс өрті шарпымаған бір де бір шаңырақ жоқ. Қаншама боздақтарымыз майданнан оралмады. Әйтсе де, олардың ерлігін дәріптеп, есімін ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың парызы. Міне, осы орайда Бәйдібек аудандық әкімдігі тың бастаманы қолға алып, сұм соғысқа қатысқан сарбаздарын түгендеуге кірісті.

Бәйдібек ауданында бүгінде   50 мыңнан астам халық тұрады. Ал оның бұдан 80 жылғы  бұрынғы   мөлшері екі есе кем болған десек еш қаталеспейміз. Алайда,  соның өзінде  бұл ауданнан   8- 9 мың сарбаз   майданға аттанған.

М.Атабек: Міне, бұл бастаманы аудан әкімдігінің  қолдауымен мен аудандық ішкі саясат бөлімі қолға алып, өткен жылдан бері тиянақты жұмыстар атқарылуда. Олар  қолдағы мәліметтерден бөлек, барлық ресми сайттардан іздестіріп,    майданға аттанған сарбаздар тізімін қайта түзіп, нақтылау үшін халыққа жария етуде.

Ө.Алдамжаров — Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:Бұған себеп болған тағы бір мәселе бар. Ол аудан орталығында  жаңадан ашылатын әскери даңқ мемориалы.  Рас, ондай тізім  орталық саябақта болған. Алайда,  ол орын абаттандырылып, қайта  жөнделуіне байланысты, тізімдер де жаңармақ.

Б.Жанғазиев: Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары: Бұл бастамаға қазірдің өзінде үн қатушылар аз емес. Өйткені, көптеген  тұрғындар  осы тізім арқылы  хабар – ошарсыз кеткен туыстарын табуда,   деректеріне қанығуда.

Д.Нұрділдаев — аудан тұрғыны: Тізімдер аудандық газетке әлі де жариялануда. Олар  түгелденіп,  нақтыланған тұста  аудан орталығында жаңадан ашылатын тақтаға толық негізде жазылатын болады.

 

@DIDARBEK.KZ

 

 

Пікір жазу