Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АЛЛЕЯ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

АЛЛЕЯ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет»-демекші, дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар.
Бұл жолғы игі шараға түлкібастық халық қалаулылары мұрындық болды. Осыдан 5 жыл бұрын аудандық мәслихат депутаттарының демеушілігімен аудан орталығының шығыс беткейінен бой көтерген депутаттар аллеясы қайта жаңғырып, оған «Ардагерлер аллеясы» деген атау берілмек.
Аудандық «Ардагерлер аллеясының» орнынан жаңа 300 орындық мектептің түсуіне байланысты, ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында бұл бастама аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаевпен депутаттар корпусы тарапынан аудан әкімі Н.Байғұттың қолдауымен жүзеге асып жатыр.
Бүгін аталмыш аллеяға аудан әкімі Нұрлан Байғұт пен мәслихат хатшысы Сәдуахас Сейсенбаев бастаған бір топ халық қалаулылары, аудандық мәслихат аппараты және Майлыкент ауылдық округінің мамандары арнайы барып, тазалық жұмыстарын іске асырды. Бұл жерде ардагерлерімізбен аудан тұрғындары және жолаушыларға таза ауада демалып, бой сергіту үшін беседкалар мен киіз үйлер қойылып, ішінде демалушыларға ұлттық тағамдар мен сусындар ұсынылатын болады. Және алдағы уақытта қосымша сәнді ағаш көшеттері отырғызылмақ.

 

@DIDARBEK.KZ

 

 

Пікір жазу