Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Наубайшы ісі» және «Кондитер» құзыреттілігі бойынша « Жаңа технологиялар- заман талабы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған іс-шара онлайн форматта ZOOM – интернет қосымшасы арқылы жүргізілді. Семинарды колледж басшысы Болат Серікұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинардың бағдарламасы бойынша І модуль «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша, арнайы пән оқытушысы Б.Айтмұрзаева өз жетекшілігіндегі 2 курс студенті Ю.Гапуржановамен «Бородин» наны, «Багет наны» жасау бойынша шеберлік сынып көрсетілсе, «Өрме наны» , «Тәтті тоқаш» дайындау бойынша өндірісте оқыту шебері З.Маханбетжанова өз жетекшілігіндегі 3 курс студенті М.Гапуржановамен шебер сынып көрсетті. Сондай-ақ, 1 сортты ұннан дайындалған «Бөлке наны» және «Батон нанын» дайындау бойынша ө/о шебері А.Асылбекова өз жетекшілігіндегі 3 курс студенті М.Юсуповамен шебер сынып көрсетті.
ІІ модуль «Кондитер» құзыреттілігі бойынша өндірісте оқыту шебері Э.Байымбетова өз жетекшілігіндегі 2 курс студенті И.Кургановамен «Трайфл» десертін, вафли «Бельгийский» десертін дайындаудан шебер сынып көрсетті.
Іс-шара соңында ТжКБ беру ұйымының әдіскері О.Сұлтанбеков «Бүгінгі таңда елімізде кәсіптік білімге ерекше назар аударылуда. Қабілетті, білімді, білікті жұмысшы маман дайындау басты мақсатымыз деп білеміз. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың болашағы біздің қолымызда» — деп өз сөзін қорытындылады.
@DIDARBEK.KZ