Кеңес дәуірі тарихының ең қаралы беттерінің бірі — Ауған соғысы. Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 32 жыл толды. Жүздеген жас жат елінде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды. Бұл күнді атап өту – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, қоғамдық белсенділіктері мен азаматтық ұстанымын нығайтудағы бірден-бір үлгі болып табылады.
Осыған орай, «Жеңіс» саябағында Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен карантиндік шараларды сақтай отырып, «Батырлық — батылдық» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Шара барысында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге гүл шоқтары қойылып, 1 минут үнсіздікпен еске алынды.
Содан соң, іс-шара «Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде» көрініс пен концерттік бағдарламамен жалғасты. Аталған мерекелік іс-шарада, Сарыағаш аудандық мәслихат хатшысы С.Тасқұлов пен аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов құттықтау сөз сөйлеп, ауған соғыс ардагерлеріне «Алғыс хаттар» табыстады.
Ел үшін етігімен қан кешкен жауынгерлер қашанда құрметке лайық. Жырақта жүріп бейбітшілікті аңсаған соғыс ардагерлерінің ерлігі жас ұрпақ үшін үлгі өнеге.
@DIDARBEK.KZ