Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕРЕЙТОЙҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

МЕРЕЙТОЙҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Кітапхана — мәртебесі биік, киелі шаңырақ! Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында да кітап, кітапхана өзінің құндылығын жоғалтпай, заманға сай жаңғырып, қызметін жаңа жүйемен жалғастырып, халықтың сұранысына ие болып келеді.
Бүгін, Қарабұлақ ауылында Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібековтің бастамасымен басталған «Ауыл – ел тірегі» атты онкүндік жоба аясында №3 Қарабұлақ ауылдық кітапханасының жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты салтанатты кеш өтті.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай халық игілігі үшін өз үлесін қосып жатқан жеке кәсіпкер Розақул Халжалилов 70 шаршы метрден тұратын ғимаратын тегін жалға беріп, ауылдық кітапханаға арнайы ғимаратпен, тегін су, газ, свет секілді барлық коммуникациялық жағдайына демеушілік жасады. Кітапхананың ашылу салтанатына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Тынымбаева, Қарабұлақ ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Шамурадов, ауыл биі, БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында осы игі істің ұйытқысы болып жүрген кітапхана басшысы Д.Сыдыкова: «Кітапхана-мәңгілік парасаттың ең биік, ең киелі ғимараты болса, кітапханашы сол рухани қазынаның шырақшысы мен ақыл-ой әлеміндегі жол сілтеушісі. Кітапханашының еңбегі жұртшылықтың назарынан тыс қалып, көзге әрқашан іліне бермесе де қоғам мен мемлекеттің дамып өркендеуіне өте қажет әрі маңызды мамандық екендігі сөзсіз», — деп №3 Қарабұлақ ауылдық кітапханасының жұмысына сәттілік тілеп, демеуші Р.Халжалиловқа өзінің зор алғысын білдірді.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу