Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАНКЕНТТЕГІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР

МАНКЕНТТЕГІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Осыдан біраз бұрынСайрам аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Манкент елдімекені, Алматы тас жолы бойындағы тазалық жұмыстарын сынға алған болатын.
Бүгін аудан әкімі аталған аумаққа тағы да ат басын бұрып, қазіргі жағдайымен танысты. Алдымен көше тазалығы барысын көріп, тұрғындармен кездесті. Алматы тас жолы бойына үгіт — насихат құралдарын көптеп орналастыру қажеттігін айтты.
Бұдан кейін аудан басшысы Манкент елдімекенінде орналасқан жеке кәсіпкер Низамбек Бегляровтың мал бордақылау алаңына барды.
«Ютуқ» шаруа қожалығында қазіргі таңда 300 жылқы, 250 ірі қара мал бордақылануда. Бүгінде 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған қожалық жылына 250 тонна ет өндіруде.
Манкент ауылындағы іс-сапар барысында Ұласбек Сәдібекұлы ауылдық округ әкімі А.Сайтмуртовтың ұсынысында аталған өзекті мәселелермен танысты.
Оның бірі орталық алаңды абаттандыру болса, екіншісі, ауылдағы Мәдениет үйінің жылыту қазандығын жөндеу үшін қаржы қарастыру. Бұл мәселелер аудан әкімі аппараты отырысының алдағы күн тәртібінде қаралатын болады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу