Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЗАҢДЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

ЗАҢДЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

 

Өрт – салғырттық пен қателікті кешірмейтін, әрі салдары қайғылы аяқталуы мүмкін қауіпті жайт.
Мұндай сәтте сабырлық сақтап, материалдық залалды азайтуға және адам өліміне жол бермеуге бағытталған қауіпсіздік талаптарын орындау маңызды.
2 наурызға қараған түні «Тұлпар» базарында орын алған өртте де осылай болды.
Оқиға орнына келген Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жанып жатқан базар аумағындағы мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар кешенін дереу қабылдады.
Жолдың жүру бөлігі арнайы өрт сөндіру көліктерінің еркін өтуі үшін босатылды, ал базар аумағы қоршауға алынды.
Қоршаудан өтуге тырысқан азаматтардың барлығын қызметкерлер қауіпсіз жерге жеткізіп тұрды. Олардың арасында ұялы телефонға бейнетүсірілім жасап жүрген республикалық телеарналардың тілшілері де болды.
Жайт бойынша мен тілшілермен кездесіп, оларға адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау қажет болған жағдайда полиция қызметкерлері батыл және белгілі бір дәрежеде қатаң әрекет етуі керек екенін түсіндірдім. Бұл үшін кешірім сұраймын. Мен полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын анықтауға бағытталған қызметтік тексеру тағайындадым. Тексерудің нәтижесінде тиісті шешім қабылданатын болады.
Әрине, журналистердің орнында кез-келген адам болуы мүмкін еді. Біздің әрекеттеріміз тек сол жерде болған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ дүрбелеңнің алдын алуға және қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеуге бағытталғанын атап өткім келеді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов

 

#dp_shymkent #polisiakz #qriim_mvdrk #police_shymkent #департаментполициигородашымкент #шымкентқаласыныңполициядепартаменті

 

Пікір жазу