Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСТАН 6 АДАМ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСТАН 6 АДАМ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 17 жағдай тіркелген болса, 6 науқас емделіп шықты, деп жазады қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Жалпы, 2020 жылдың 24 наурызынан 2021 жылдың 16 наурызға дейінгі аралықта қала бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 6389-ға жетіп, оның 5735-і дертінен айыққан.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 67 адам ем қабылдап жатыр.
Сондай-ақ, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 1 адам дертке шалдыққан. Жалпы жыл басынан бері 1473 адамға пневмония диагнозы қойылған, 5641 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «жасыл» аймақта тұр. Десе де бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады. Вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

Пікір жазу