Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ІЗГІЛІККЕ БАУЛЫП КЕЛЕДІ

ІЗГІЛІККЕ БАУЛЫП КЕЛЕДІ

Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады. Осындай ұстаздардың бірі шәкірттерге сапалы білім беру жолында үнемі ізденіп жүретін білікті маман — Ақтолқын Жұмаханқызын айтар едік. Ол Шымкент қаласы Политехникалық колледжі МКҚК «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндер бірлестігінің жоғары санатты оқытушысы. Бүгінгі таңда Политехникалық колледжде 20 жылдан бері жас ұрпақты ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелеп, білім беріп келеді.
Ақтолқын Жұмаханқызы білім беру үрдісінде жаңа педагогикалық технология түрлерін пайдаланып келеді. Сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» жалпы білім беру пәнінен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша аймақтық тренер.
Талантты ұстаздың 20-ға жуық талапты оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті бойынша өткен түрлі халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, тек жоғары орындарды иеленген.
Ақтолқын Жұмаханқызының еңбек жолында жеткен жетістіктері аз емес. Ол 2019 жылы қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер арасында өткен «Үздік оқытушы-2019» байқауында бас жүлдені иеленсе, «Рухани-жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі» тақырыбында қашықтықтан өткен республикалық ғылыми-практикалық семинарда жоғары шығармашылық деңгейін көрсеткені үшін «Зерделі ұстаз» номинациясымен марапатталған.
Педагогтардың мәртебесін арттыру мақсатында өткен қалааралық «Үздік Педагог — 2020» конкурсында бас жүлдені, ал республикалық деңгейде өткен кезеңінде байқауға қатысқаны үшін қала әкімі М.Әйтеновтің алғыс хатымен және 400 000 теңге сертификатымен марапатталды.
Бүгінгі таңда Ақтолқын Жұмаханқызы – рухани бай, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру үшін аянбай еңбек етіп, ізденіс жолын жалғастырып келеді.

Пікір жазу