Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » КӨПШІЛІКТІҢ ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНГЕН ТАЛАНТ ИЕСІ

КӨПШІЛІКТІҢ ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНГЕН ТАЛАНТ ИЕСІ

Сахнада ғана емес өз дарынын облыстық, қалалық мерекелік шараларда жүргізуші және диктор, сонымен қатар сахналық қойылымдар қоюмен жастарды сахна өнеріне тәрбиелеуде аянбайтын шебер Еркінбек Шымырқұлов жайында айтып өтсек артық болмас.
Еркінбек Өксікбайұлы 1986 жылдан бері Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында әртіс болып қызмет атқарып келеді. Cахна шебері осы күнге дейін: Ш.Құсаиновтың «Алдар көсесіндегі» — Шораяқ, М.Әуезовтің «Абайында» — Айдар, «Еңлік — Кебегінде» — Кебек, Б.Әбілдаевтың «Айша бибісінде» — Арыстан, Т.Рысқұловтың 10 жылдығына байланысты Ш.Мұртазаның «Сталинге хатында» — Тұрар Рысқұлов, И.Сапарбайдың «Әмір Темірінде» — Арғұн, Ә.Тауасаровтың «Арманшыл қызындағы» — Болат сынды т.б. көптеген рольдерді сомдаған дарынды тұлға.
Осынау қажырлы еңбегі елеусіз қалмай, сахна саңлағы Ә.Тауасаровтың «Арманшыл қызындағы» — Болат ролі үшін 1988 жылы Республикалық Жастар фестивалінің лауреаты, 1994 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаталған. Ал, 2004 жылы ҚР Мәдениет қайраткері, облыстың мәдениеті мен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқаны үшін 2008 жылдың «Ең үздік әртісі» болып танылды. Өз ісінің шебері Ғ.Мүсіреповтің «Қозы көрпеш — Баян сұлуындағы» Қодар роліне Петропавл қаласында өткен Республикалық театр фестивалінде өнер қайраткерлері, қазақ өнерінің азулы сыншылары аталған Бағыбек Құндақбаев пен Әшірбек Сығайдан жоғары баға алған. 2014 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталды.
Еркінбек Шымырқұлов көрермен жүрегінен орын ала білген, сахналық қойылымдарын жоғары бағалайтын талант иесі — Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының үлкен буын актері. Бүгінде сол киелі қара шаңырақта шынайы шеберлікпен, әрбір әрекетін әсермен жеткізіп, көпшіліктің ықыласына бөленіп, шәкірт тәрбиелеп жүр.

Пікір жазу