Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖЕМІС АҒАШТАРЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ЖЕМІС АҒАШТАРЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Көктем мезгілі келісімен, топырақтың тойы жіби салысымен Шымкент қаласында ағаш егіп, айналаны жасыл — желекке айналдыру дәстүрге айналған. Бүгін Шымкент қаласындағы Асар шағын ауданында «Таза табиғат» экологиялық жалпыұлттық жобасы аясында бес жүз түп жеміс ағашы отырғызылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабаралайды.
Қаратау аудан әкімдігі ұйымдастырған игі шараға жүзге жуық аудан тұрғындары мен жеті техника жұмылдырылды.
Осылайша бүгін, Асар шағынауданындағы орталық көшелердің бойына алма, алмұрт, өрік жəне шие ағаштары отырғызылды.
Аудан ақсақалдары жеміс ағашының көгеруі мен еліміздің гүлденуі үшін дұға етіп, ертең ағаштар көктеп өскенде оның саясында демалғаны үшін, оның жемісін жегені үшін әрбір егушіге жақсылық жазылатынын айтты.
Қаратау ауданы әкімдігінің айтуынша, аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады екен. Наурыз айында ауданда жалпы бес мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылған екен.

Пікір жазу