Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ТӨРЕБЕК БАЙТАСОВ

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ТӨРЕБЕК БАЙТАСОВ

Төребек Төрекелдіұлының облыстық, республикалық газеттерге мақалалары жиі шығып тұрады. Әсіресе мәдени, рухани бағытта жиі қалам тербейді. Телехабарлары да осы бағытта. Поэзияға қызығады, бір топ өлеңдері жинақталған.

Төребек Төрекелдіұлы 1987 жылы 27 тамызда ОҚО, Шымкент қаласында туған. 2004 жылы Шымкент қаласындағы техникалық лицейді тәмамдайды. 2005-2009 жылдары Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «журналистика» факультетін оқиды, 2009-2011 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-ң «филология» факультетінің магистрі атанды.

Алғашқы еңбек өтілін 2008-2010 жж. Қазақстан РТРК АҚ «Таңшолпан» таңғы бағдарламасында редактор болып бастайды, 2010-2011 жж. Хабар агенттігінде «Тіл тірегі» бағдарламасында жүргізуші-редактор, 2011-2012 жж. «24 КZ» арнасында «Билік КZ» және «Үкімет КZ» бағдарламаларында редактор болды.

2013 жылдан бастан Қазақстан РТРК АҚОФ «Қазақстан Шымкент» телеарнасында редактор-жүргізуші. «Ғұмырдария», «Таң нұры» сынды хабарларды жүргізіп, авторлық «Сөз түзелді» және «Заңгерлік анықтама» хабарларын жүргізіп келеді.

Төребек Төрекелдіұлы ҚР Мәдениет және спорт министрінің және Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының, сондай ақ Қазақстан РТРК АҚ төрайамының мақтау қағаздарымен, ОҚО әкімдігі, ОҚО мәслихатының грамоталарымен марапатталған. Облыстық үздік тележүргізушілер арасындағы дәстүрлі «Алтын микрофон» байқауының жеңімпазы. Басқа басқарма мен бөлім басшыларының мақтау қағаздарымен марапатталған.

Шымкент

Пікір жазу