Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, «Инклюзивті білім беру және өзін-өзі тану» бөлімі Шымкент қаласының жалпы білім беру мекемелерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау көрсету жұмыстарының әдістемелік негіздерін ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында «Дефектологтың жұмыс жасау алгоритмі» тақырыбындағы ZOOM платформасында конференция ұйымдастырылды. Іс-шараға білім беру мекемелерінен үйде оқытатын педагогтер мен педагог-психологтар, педагог-дефектологтар белсенді қатысты.
Конференцияны Әдістемелік орталықтың директоры, ф.ғ.к. М.Медетбекова ашып, сапалы білім алу үшін жағдай жасауды заңды түрде қамтамасыз ететін отандық нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасауға назар аударуға шақырды.
Конференция барысында ұйымдастырушылар жалпы білім берудің инклюзивтілік принципінің негізгі мазмұнын ашуды, сапалы білім алу үшін жағдай жасауды заңды түрде қамтамасыз ететін отандық нормативтік құқықтық актілермен таныстыру және педагог — дефектологтың жұмыс жасау алгоритміне жүйелі түрде ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.
Нәтижесінде қатысушылар тақырып аясында көкейдегі сұрақтарына толыққанды жауап алып, ұсыныс, пікірлерін берді.
Алдағы уақытта әдістемелік орталық тарапынан әдістемелік қолдау мен көмек алып тұрамыз деген ниетпен тарқасты.