Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ОРДАБАСЫ – БІРЛІК, БЕРЕКЕ БЕСІГІНДЕЙ!..

ОРДАБАСЫ – БІРЛІК, БЕРЕКЕ БЕСІГІНДЕЙ!..

Жерлесіміз, «Алтын алқа» баспасының бас директоры Әсет Әссандидің бастамасымен бірқатар республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы латын әліпбиіне көшу жөніндегі бағдарламасын қолдап, Үндеу қабылдау мақсатында ауданымызға іссапармен келді.

Қонақтар ең әуелі «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығына бағыт бұрды. Онда арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. «Ордабасы» триосы домбыра, баянымен халқымыздың әсем әндерін әуелете орындады. Мұражайда қорықтың экскурсиялық жетекшісі тарих беттерін сабақтастыра отырып, қазақ билерінің даналығын, батырлардың шайқастағы ерліктерін әңгімеледі. Одан кейін жиналғандар «Ел бірлігі» монументіне көтерілді.

Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан ҮСЕНБАЕВ, «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Бақтияр ТАЙЖАН, жазушы Серік ЖАНӘБІЛ, журналист, «Алтын алқа» баспасының бас директоры Әсет ӘССАНДИ, қоғам қайраткері, «Ел бірлігі» газетінің негізін қалаушы Мұхтар МҰХАМБЕТЖАН, «NAR tv» арнасының директоры Ерсұлтан ӘМІРБЕК, Бадам ауыл округінің әкімі Махмұд ҚОНЫСОВ, «Ордабасы оттары» газетінің директор – бас редакторы Ғалымжан ЗИЯБЕК киелі Ордабасы тауында керемет басқосудың болып жатқандығын, латын әліпбиіне көшуді қолдауды, Үндеуді үш жүздің, қала берді үш мемлекет Президентінің бас қосқан жерінен бастаудың оңды шешім екендігін айтты. Қонақтар қолдау білдірген азаматтарға, облыстық мәдениет басқармасына, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, аудан әкімдігіне алғысын жеткізді.

Ақ тілектер мен ниеттер ақтарылып болған соң, «Тутөбеге» шығып, Үндеу қабылданды.

Қонақтардың келесі бағыты — Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі болды. Онда музей қызметкері Меруерт ЕСКЕРМЕС Қажымұқан атамыздың, спорт саңлақтарының суреттерін, тарихи жәдігерлерді көрсетіп, таныстырып өтті.

Содан кейін аудан әкімі Рашид ҚАЙЫПЖАНОВТЫҢ қабылдауында болды.

Журналистер қауымы ыстық лебіздерін білдіріп, ауданның өркендеуіне өз үлестерін қосатынын айтты.

Бірқатар басылымдар бас редакторларының басқосуы «Ордабасы оттары» газетінің баспасөз орталығында жалғасты.

«Алтын алқа» баспасының бас директоры Әсет ӘССАНДИ аудан басшысына, бірқатар телеарна, газет директорына, тілшісіне Алғыс хат тапсырды.

Рашид Үсіпханұлы Елбасының бастамасын қолдаған журналистер қауымына ризашылығын білдіріп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Соңында аудандық мәдениет Үйінде өткен Байділда Айдарбековтың «Қара мең» қойылымын тамашалады.

Батырәлі ЖҮРСІНБЕК,
Орынбай ҮНДЕМЕС,
«Ордабасы оттары».

Пікір жазу