Еліміздің Үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында қасиетті Рамазан айындағы қайырымды істер жалғасуда. Сондай іс-шараның бірі бүгін Еңбекші ауданы аумағында өтті. Аудан аумағында тұратын 500-ден астам отбасыға азық-түлік таратылды. Қайырымдылық іс Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Бәйкен Әшірбаевтың демеушілігімен өтті. Іс-шараның өтуіне «Nur Otan» партиясының өкілдері және ерікті жастар да атсалысты, атап айтсақ, «Ізгілік елшісі» еріктілер тобының жастары мен «Келешек» жастарының еріктілері белсенділік танытты.
– Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы жүруде. Соған қаламыздың тумасы ретінде өз үлесімізді қосып, көмек көрсетуді жөн көрдік. Қандай іс-шара болса да елдегі ауызбіршіліктің нәтижесінде ұйымдастырылатынын ұмытпаймыз. Бірге болсақ, барлық қиындықты жеңіп шығамыз, — деді Бәйкен Әшірбаев.
«Nur Otan» партиясы өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың өтініші ескеріле отырып, кәсіпкер азаматтарға ұсыныс жасалып, мұқтаж отбасыларға көмек берілуде.
«Бұған қоса, «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» партиялық жобалары жүзеге асырылуда», — деді Nur Otan партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жандос Қамбарбеков.
Осылайша Еңбекші және Қаратау ауданына қарасты Қаратөбе, Жұлдыз, Сайрам елдімекендерінің тұрғындарына ұн, май, шай, күріш және макарон қораптары бөлінді. Ауыл билерінің қадағалауымен азық-түлік көліктерге тиеліп, отбасыларға үлестіріледі.
© Didarbek.kz