Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ҰСТАЗДЫҢ ҰСТАНЫМЫ – 02

ҰСТАЗДЫҢ ҰСТАНЫМЫ – 02

ОҚО ұстаздары қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасына қатысты пікірлерін білдіруде.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, «Дарын» мектеп-интернатының директоры Фарида ПІРӘЛИЕВА бұл орайда өз ойымен бөлісуді жөн көрді:

– Ақордада ұсынылған жаңа әліпбидің жобасын бүгін мектебіміздің қабырғасында ұстаздар қауымына таныстырдым. Әріптестерім жаңадан ұсынылған әліпбидің ыңғайлығы мен алдыңғы үлгімен салыстарғанда жетілдетілгенін айтып өтті. Оның ішінде, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны қуантты. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үш тілде білім беріп келе жатқан біздің мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында бүгінде 200-ден астам оқушы бар. Жаңа латын қаріпі біздің шәкірттер үшін өзге тілді жетік меңгеруге жол ашады деп сенеміз. Республикадағы үздік жүздіктер қатарынан көрінген білім ұясы үшін бұл жауапты кезеңде педагогтар мен оқушылар еш қиындықсыз игеріп кетеріне кәміл сенемін.

Өз тілшімізден

 

Пікір жазу