Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 3 482 АДАМҒА ВАКЦИНА САЛЫНДЫ

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 3 482 АДАМҒА ВАКЦИНА САЛЫНДЫ

Шымкент қаласының аумағында санитарлық — эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. Өткен тәулікте 593 нысанға (559 кәсіпкерлік нысан, 34 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
2021 жылы 20 сәуір күні қалада 3 482 адам вакцина салдырды (I компонент – 3396, II компонент – 86). Егу науқаны басталғалы барлығы 71 284 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 7004 адам екпенің екі компонентін алды.
Өткен тәулікте КВИ-дің 80 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 56, белгілері жоқ — 24). 24 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 56 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 290 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30). Төсек — орын толымдығы 34 %-ды құрайды, 844 төсек — орын бос.
Індетті жеңудің бірден — бір жолы – вакциналау.  Вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты. Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

Пікір жазу