Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ КІМДЕР ТҰРА АЛАДЫ?

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ КІМДЕР ТҰРА АЛАДЫ?

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіп және кезекпен беріледі.
Шымкент қаласында халықты тұрғын үймен қамту бойынша жүйелі іс-шаралар атқарылуда. Бұл орайда тұрғындардың кезекке тұру шарттарын айта кетсек.
Кезекке тұру үшін заңда көрсетілген санаттардың біріне енуі, мекенжайы соңғы 3 жылда Шымкент қаласында болуы және соңғы бес жылда тұрғын үй тіркелмеуі шарты бар.
Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобындағы азаматтар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер және жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар белгіленген тәртіппен тұрғын үй кезегіне тұра алады.
Осы санаттағы азаматтарға баспана заң аясында, белгілі тәртіппен беріледі.

Пікір жазу