Өздеріңізге белгілі өткен ақпаратымызда тұрғын үй кезегіне кімдер тұра алады деген сұраққа жауап іздеген болатынбыз. Ендігі кезекте, тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады деген сауалға жауап беретін боламыз.
Егер Сіз тұрғын үйге кезекке тұру санаттарының біріне жатсаңыз, сіз тұрғылықты жеріңіздің үй қорынан үй алуға құқылысыз. Шымкентте бұл үшін тұрғын үй басқармасына кезекке тұру керек. Құжаттарды egov.kz порталында онлайн немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша АҚ «Азаматтарға арналған Үкімет» (ХҚКО) бөлімшесінде тапсыруға болады. Құжаттарды қарау тегін.
Ол үшін, егов.kz порталына кіріп ашылған парақшаның оң жақ бұрышындағы кіру батырмасын басып, сертификатты таңдау керек. ЭЦҚ қолтаңбаны таңдап, ашылу батырмасын басып, құпия сөзді теріңіз. Жылжымайтын мүлік бөліміне кіріп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке алу және кезекке қою сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы бөлімшесін таңдаңыз.
Ашылған парақшада онлайн сұрау бастырмасын басып, бірінші қадамда кезекке қоюды белгілеңіз. Екінші қадамда тиесілі санатты таңдап, ұялы сымтетік нөмірін, электронды поштаны және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірлерін жсн енгізіп, толтыру деректерін аяқтау батырмасын басыңыз. Үшінші қадам көрсетілген қолтаңбаны таңдап, құпия сөзді енгіземіз. Осы қадамдардан кейін «Сіз тұрғын үй кезегіне тұру үшін өтініш бердіңіз, жіберілген өтініш 30 күн ішінде қаралатын болады» деген хабарлама экран бетінде көрсетіледі.
Осылайша Сіз тұрғын үй кезегіне тұру өтінімін жібердіңіз.
Ақпараттар Сіз үшін пайдалы болды деген сенімдеміз. Барлықтарыңызға баспаналы болу бұйырсын!