Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ОҢТҮСТІКТЕ ӨТКЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

ОҢТҮСТІКТЕ ӨТКЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде облыстық Қоғамдық Кеңестің отырысы өтті. Отырыста Жергілікті полиция қызметінің есебі, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жайы мен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік бағдарлама жобалары және көші-қон процестерін реттеу Қағидалары сынды 13 мәселе қаралды.

Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы және облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Әбдіғани Сейдуалиев осы жылдың 8 айында Жергілікті полиция қызметінің атқарған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысын баяндады.

Оның айтуынша, осы жылдың сегіз айында жүзеге асырылған шаралардың нәтижесінде облыс аумағында орын алған жалпы қылмыстар 15,3 пайызға төмендеген. Ал қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 21,4 пайызға, көшеде жасалған қылмыстар 29,6 пайызға азайған.

Сонымен қатар, жиында сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындықов Елбасының бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің бірі қазақстандық жастарға кәсіптік білімді тегін беру екенін атап өтті.

«Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы аясында облысымызға 2017-2018 оқу жылына республикалық бюджеттен 4584 орын бөлінді. Соның ішінде: көпбалалы отбасынан 2264 бала, 68 жетім бала, аз қамтылған отбасынан 2470 бала қамтылды. Жаңа оқу жылына техникалық және кәсіптік білім саласында кадрларды даярлау бойынша облыстық бюджеттен 91 мамандық бойынша 11084 орын, республикалық бюджеттен 26 мамандық бойынша 4584 орын, барлығы 15668 орын мемлекеттік тапсырыс берілді», – деді басқарма басшысы.

Кеңес отырысының қорытындысымен күн тәртібінде қаралған мәселелер коғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірауыздан мақұлданып, облыстық мәслихаттың қарауына ұсынылды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу