Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ШЫМКЕНТ: 72 886 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

ШЫМКЕНТ: 72 886 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

Шымкент қаласында азаматтарды вакцинациялау үшін 38 бекет ұйымдастырылған. Тұрғындар өзіне ыңғайлы болған кез келген емханада вакцина салдыра алады.
Бүгінде қалада екпенің 1-компоненті 72 886 адамға, 2-компоненті 7 139 азаматқа салынған. Барлығы 753 медицина қызметкері оқытылып, вакцинациялауға жұмылдырылған.
Жалпы қалада коронавирустың ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындық жүргізілуде.
Қазіргі таңда Шымкентте А сценариі бойынша жұмыстар атқарылуда. Жалпы қала В және С сценарийлеріне де толық дайындалды. А сценарийі – ағымдағы жағдай. Ол стационардағы 1 290 төсек-орынды қамтиды. В – маусымдық эпидемиологиялық жағдай нашарласа, науқастарға арналған төсек-орын саны 4 016-ға дейін көбейтіледі. Ал С сценариі – эпидемиологиялық дағдарыс болса, 5 416 төсек-орын әзірленеді. Қазір қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс істеп тұр. Зертханаларда 1 күнде 6 200 тест жасауға мүмкіндік бар. Барлығы 349 518 ПТР тест өткізілді.
Сондай-ақ, Шымкенттің «қызыл аймаққа» кіруіне байланысты 19 сәуірде жергілікті бас санитариялық дәрігерінің Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген алгоритмге сәйкестендірілген шектеу шаралар туралы қаулысы шықты. Осы шектеу шараларының тиімділігі 2 апта бойы бақыланады. Эпидемиологиялық жағдай одан әрі нашарлаған жағдайда қатаң шектеу шаралары енгізіледі.

Пікір жазу