Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ШЫМКЕНТ: АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУДА

ШЫМКЕНТ: АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУДА

Шымкент қалалық арнайы кітапханасында бұқаралық ақпарат құралдарының мерзімді баспасөз басылымы бойынша насихаттау және шолу жасау мақсатында оқырмандар медиа ақпараттық сауаттылықтарын арттыруда, деп жазады қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Бұл ретте Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана оқырмандарына міндетті түрде БАҚ материалдары бойынша дауыстап оқу жүргізіледі.
Бүгінгі тақырыпта «Зағип жандарға арналған ақылды сүйену таяғын жасады», «Ерекше жандарға мемлекет есебінен не беріледі?», «Шектеулі мүмкіндігіміздің шекарасын кеңейтсе» деген сияқты актуалды мәселелер талқыланды.
Жаңа кітаптардан бөлек, оқырмандарды баспасөз материалдары да қызықтырады. Мамандардың айтуынша, барлық материалдарды оқырмандар талабына сай тақырыптарға бөліп, қарастырылады. Осындай қызықты іс-шарадан кейін оқырмандардың газеттер мен журналдарға деген қызығушылықтары арта түсті. Іс-шараға келген оқырман қауым маңызды мәліметтер мен ауқымды ақпараттар алып, өз ойларын ортаға салып тарқасты.

Пікір жазу