«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының қолдауымен Шымкент жоғары медицина колледжінде 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай «Мейірбике ісінің үздігі» қалалық кәсіптік сайысы өткізілді. Сайыс барысында «Ең үздік фельдшер», «Ең үздік стационар деңгейіндегі мейіргер», «Ең үздік акушер», «Ең үздік лаборант», «Ең үздік патронажды мейіргер» номинациялары бойынша II кезең – «Мамандығым — мақтанышым» өзін-өзі таныстыру» және III кезең – «Жағдаяттық есептерді шығару: коммуникативті дағдыларды меңгере отырып, тәжірибелік іс әрекеттерді көрсету» өтті.
24 медицина ұйымдарынан жалпы 44 медицина қызметкерлердің өтініштері қабылданды. «Теориялық білімді бағалау, тестілеу» 1-кезеңнен өтіп, II және IIІ кезеңге 24 сайыскер қатысты. Сайыстын қорытындысы бойынша 5 номинациядан ең үздік маман иегерлері анықталды:
«Ең үздік фельдшер» — Әуесхан Нүркен, Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының №6 бекетiнің фельдшері;
«Ең үздік стационар мейіргерi» — Ташпулатова Эльвира, №1 Қалалық клиникалық аурухананың мейіргері;
«Ең үздік акушер»- Мирзаева Салтанат, Қалалық перзентхананың акушері;
«Ең үздік лаборант» — Шынбай Акерке, Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының зертханашысы;
«Ең үздік патронажды мейіргер» — Батырбекова Эльмира, №4 Қалалық емхананың патронажды мейіргері.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Іс — шара эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап өтті.