Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанында Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес құрылды. Бүгін кеңестің алғашқы отырысы өтті.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева аймақтық қоғамдық кеңестің мүшелерін таныстырып, кеңестің мақсаты мен міндеті туралы айтты.


Кеңестің негізгі мақсаты алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асуы үшін дайындалған Жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау болып табылады.
Партияның сайлауалды бағдарламасында бірінші кезекте тұрғындардың осал топтарын қолдап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруда мүгедектігі бар балаларға арналған орталықтарының санын арттыру көзделген.


Кеңес мүшелері партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында сайлауалды бағдарламада белгіленген алдағы уақытта салынатын мекемелердің дер кезінде пайдалануға берілуін, олардың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайына қарай бейімделуін, материалдық-техникалық базасының жаңартылуын, кәсіби мамандардың қызмет етуін, осал топтардың өкілдерін жұмыспен қамтылуын бақылауда ұстайтын болады.


Кеңес отырысы барысында «Кедергісіз Келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруда 2021 жылға атқарылған жұмыстар және Жол Картасының іске асуы туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының м.а. Ерман Бекмұратовтың есебі тыңдалды.
Сондай-ақ, жиын барысында кеңес төрағасы Қуанышбеков Бауыржан Шераханұлы «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің 2021 жылғы жұмыс жоспарын жобасын ұсынды. Отырыс барысында түскен ұсыныстар мен тілектер негізінде жоба толықтырылып, жұмыс жоспары қабылданды.

© Didarbek.kz

Пікір жазу