Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » Сапалы әрі үздіксіз электр жарығы Департамент бақылауында

Сапалы әрі үздіксіз электр жарығы Департамент бақылауында

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі — Департамент) келесіні хабарлайды.
Түркістан облыс орталығына айналғалы бері, қала көз алдымызда өзгеріп келеді. Қала ішінде құрылыс қарқынды жұмыс жасап жатқанымен, кейде электр желілеріне, магистралды су желілеріне залал келтіріліп жатыр.
Атап айтқанда, 2021 жылғы 24 мамыр сағат 17:05-те Әкімшілік іскерлік орталығы аумағында (Шымкент тас жолы мен Жаңа әкімішілік ғимараты қиылысында) орналасқан «Отау» сауда-орталығына, «Түркістан Яссы» ЖШС-ы су, ауыз су, кәріз жүйелері құрылысы жұмыстарын жүргізу барысында, 10 кВ жер асты кабель желісін зақымдап, нәтижесінде Департаменттер үйі, «Алатау Медиа» орталығы электр жарығынсыз қалды.
Департамент тарапынан «Түркістан Яссы» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын жерасты кәбіл желiлерiн зақымдағаны үшін 302 бабы 2 тармағына сәйкес «Түркістан Яссы» ЖШС-не айып пұл салынғандығы туралы хабарлайды.

© Didarbek.kz

Пікір жазу