«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі — Департамент) келесіні хабарлайды.
Түркістан қаласында құрылыс қарқынды жұмыс жасап жатқанымен, кейде электр желілеріне, магистралды су желілеріне залал келтіріліп жатыр. Онымен қоса, құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде трансформаторларға да айтарлықтай залал келуде.
Атап айтқанда, 2021 жылғы 07 маусым сағат 10:55-те Әкімшілік іскерлік орталығы аумағында (Шымкент тас жолы мен Жаңа әкімішілік ғимараты қиылысында) орналасқан ««Басқармалар үйі» ғимаратына «РЫС-ҚАНАҒАТ» ЖШС салқындатқыш құрылғысын қосу жұмыстарын жүргізу барысында, КТП-ның 309-шы секциясының 7-ші ұяшығын зақымдап, нәтижесінде Басқармалар үйі, Облыс әкім аппараты электр жарығынсыз қалды.
Департамент тарапынан «РЫС-ҚАНАҒАТ» ЖШС-не кернеуі 1000 вольттан асатын КТП-ның 309-шы секциясының 7-ші ұяшығын зақымдағаны үшін 302 бабы 2 тармағына сәйкес, айыппұл салынғандығы туралы хабарлайды.
© Didarbek.kz