Бүгін Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиында Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі құрамына жаңадан сайланған 7 азаматқа кеңес мүшесінің мәртебесін куәландыратын жеке куәлік пен төсбелгі табыстады. Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі құрамына жаңадан сайланған азаматтардың қатарында «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев те бар.
Қоғамдық кеңес — мемлекет қабылдайтын шешімдердің жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші, әрі бақылаушы орган.
Құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері мен қарапайым азаматтар кіретін ұйым кез келген мәселе бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін тыңдап, онымен санасуға міндетті. Ол үшін арнайы қоғамдық тыңдаулар өтеді. Осылайша, қарапайым азаматтар елде жүріп жатқан істерге өз ықпалын тигізіп, өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік алады.
Бауыржан Ілімшеұлы өмірлік тәжірибесі мол, абыройы мен беделі жоғары, есімі Оңтүстік өңіріне таныс азамат. Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің отырысында еңбек адамының құқығын қорғау, беделін арттыру жолында аянбай еңбек етері сөзсіз.
© Didarbek.kz