Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында өткен кездесу

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында өткен кездесу

Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди стоят и в помещении)

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» деп жариялауына байланысты «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Әуесханов Серік Елемесұлы «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының Қаратау аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Возможно, это изображение (1 человек, стоит и в помещении)
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің ұжымдық шарт тарауы бойынша ұжымдық шарттың тараптары, ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі, ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы, ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және тараптардың жауаптылығы, сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің мәртебесі мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер және кәсіподақ мүшелеріне берілетін әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер, оларды моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру жұмыстары, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтарын қорғауға байланысты сұрақтарына тұщымды жауаптар беріп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі ретінде атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.
Возможно, это изображение (1 человек, стоит и в помещении)
Қорытынды жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне орай құттықтау сөз сөйлеп, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның дайындалуы мен қабылдануы тарихына терең тоқталып, Қаратау аудан әкімі аппаратының белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар тапсырды.
Возможно, это изображение (1 человек, сидит, стоит и в помещении)
Атап айтқанда: филиалдың «Құрмет грамотасымен» Қаратау ауданы әкімі аппараты кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің әдіскері Аширбеков Улан Айдарханұлы және филиалдың «Алғыс хатымен» Қаратау ауданы әкімі аппараты халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Қосжанов Дархан Қанатұлы марапатталды.
Жиын соңында Қаратау ауданы әкімі аппараты кәсіподақ комитетінің төрайымы Бердибекова Гүлсина Рахымбайқызы ұжым қызметкерлерін құттықтап, салалық кәсіподақ атына алғысын білдірді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу