Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

ҰЛТТЫҚ ҰРАН КҮНІ

Возможно, это изображение (стоит и на открытом воздухе)

Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясы мен Қазақ тілі қоғамының ұйымдастыруымен Қазақ күнтізбесіндегі мән-мазмұны жоғары атаулы күннің бірі – Ұлттық ұран күні аталып өтті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған осы атаулы күнге орай өткен шарада жиналғандар қазақтың «Алаш», «Әруақ», «Абылай» ұрандарын айтып, ел халқына өздерінің құттықтауларын арнады.
Ұйымдастырушылар бұл атаулы күннің Қазақ күнтізбесінде алар орны ерекше екенін айтып, алдағы уақытта ұлттық ұрандарды ұлықтауға бағытталған бұл шараның тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті.
Жалпы алғанда, 2019 жылы тұсауы кесілген Қазақ күнтізбесі жобасында Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған барлығы 19 атаулы күн белгіленген. Жоба ұйымдастырушылары Ұлт денсаулығы, Қазақ тарихы, Қазақ әдебиеті, Туған жер, Ұлттық ойындар, Мемлекеттік тіл, Ұлт қайраткерлерін еске алу, Қазақ өнері, Батырлар, Аяулы қазақ қыздары, Қазақ халқы, Ақсақалдар күндеріне орай тұрақты негізде шаралар ұйымдастырып келеді. Бұл «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясы қоғамдық жобасы аясында қолға алынған 23 жоба болып табылады. Осыған дейін кітаптар сериясы шеңберінде «Тәуелсіздік лентасы» және қазақтың әскери салттарын ұлықтайтын «Жауынгерлік даңқ лентасы», Қазақ тарихының анықтамалығы сынды бірегей жобалар ұсынылған болатын.
Алдағы уақытта кітаптар сериясы шеңберінде Мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған арнайы әдістеме және ұлт құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Халық мұрасы» бағдарламасын, Ердің 50 міндеті сынды жобалаларды ұсыну жоспарлануда.
© Қарағанды облысы бойынша
«Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамының
баспасөз қызметі

Пікір жазу