« » жастары және «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұйымдастыруымен, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына және «Ұлттық домбыра» күніне орай «Dombyra party» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш ету.
«Dombyra party» іс-шарасында «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің саябағында кәсіпқой күйшілер өнер көрсетті.
Осылайша, салт-дәстүрімізді және ата-баба мұрасын қайта жаңғыртып, ұлттық аспаптар арқылы құндылықтарымызбен қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
# #