ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов Жалын тұрғын алабында салынып жатқан жол құрылысының барысымен, жүргізіліп жатқан электр жүйелерінің жұмысымен танысты. Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Александр Малахов, Еңбекші ауданы Жұлдыз аумағының аумақ басшысы Сейдулла Ибишев және жергілікті тұрғындардың қатысуымен өткен кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізінде Жалын тұрғын алабында жыл басынан бері негізгі 4 көшенің құрылысы аяқталып, 2 көшенің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда екені мәлімденді. Жалпы 98541 мың теңге қаржы қаралған. Оның ішінде Тенистая, Бестөбе (Прохладная) көшелеріне 34841,0 мың теңге (2,11 км.), Қызылқұм (Ябловеная) көшесіне (орташа жөндеу) 7178,0 мың теңге (0,4 км.), Шарбақты (Грушовая) көшесіне (орташа жөндеу) 25522,0 мың теңге (1,3 км.), Көкөзен (Вишневая), Талшық (Зеленая) көшелері (орташа жөндеу) енді басталады, соңғы екі көшеге 31000,0 мың теңге (1,6) қаржы бөлінген.
Ал, тұрғын алабындағы электр желілері жекеменшік КТП «Жалын» транформаторынан электр жарығын тұтынады. Электр желілерінің құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша мердігер мекеме «ЫнтымақБесарыс» ЖШС атанды. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың қараша айында басталып, 2021 қыркүйек айында өтпелі кезеңмен бітеді.
Сондай-ақ, Берік Айдарбекұлы тұрғындармен де тілдесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Бағлан Бескемпіров есімді азамат Жұлдыз аумағындағы Шымкент мұнай өңдеу зауыты («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС) айналасындағы елді мекендерге экологиялық зардап келтіріп жатқанын жеткізіп, партиялық бақылауға алуды сұрады. Сонымен қатар, Жұлдыз аумағының аумақ басшысы Сейдулла Ибишев тұрғын алабында 27 көпқабатты үй бар екенін айтып, 2003 жылдан бастап кәрiз жүйелері жұмыс iстемейтінін мәлімдеді.
«Осы жылы ЖУХ тарапынан ЖСК дайындалып мемлекеттiк сараптамадан откен. Құны 450.0 миллион тенгені құрайды. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіру қажет етеді», – деді аумақ басшысы.
#deputatnurotan
© Didarbek.kz