Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Возможно, это изображение (1 человек)

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Берік Бекжанов Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалында онлайн қоғамдық қабылдау өткізді. Берік Айдарбекұлы қоғамдық қабылдауда әр азаматтың сұрағын жеке-жеке қарастырып, көтерілген мәселелерге заңға сәйкес, жауап берді. Бүгін қабылдауда әр түрлі санаттағы азаматтар болған соң, көтерген мәселелері де бір-біріне ұқсамады.

Возможно, это изображение (1 человек, сидит и в помещении)
Қоғамдық қабылдауда азаматтар көбіне әлеуметтік жағдай бойынша, сондай-ақ, көшпелі сауда жасау, Тұран шағын ауданындағы қараусыз қалған балалар алаңшасы, шағын ауданда 6 спорт алаңшаларының құрылысының уақыты, 16 гектар жерге орнатылған жарық шамдардың дұрыс жұмыс істемеуі, сондай-ақ, Достық шағын ауданындағы жол қозғалысы бойынша мәселелерді қозғады. Мәжіліс депутаты қатысушыларға партияға білдірген сенімдері үшін үлкен алғысын білдіріп, көтерген мәселелері партия назарына алынып, шешу жолында жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
#deputatnurotan

© Didarbek.kz

Пікір жазу