ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Бекжанов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Наргиза Керимбаевамен бірге Д.Қонаев даңғылының Түркістан көшесінен темір жолға дейін жалғастыру бойынша құрылыс жұмыстарымен толық танысты.
Жол жұмыстары 2021 жылдың сәуір айында басталып, қәзір құрылыс жұмыстарының 2-ші этаптын бастауға тұрғындар тарапынан көптеген кедергілер бар екенін ТОО «Корпорация Сити-Строй» құрылысының басшысы мәлімдеді.
Жалпы ұзындығы 1714 М жол салу жоспарлануда.
Жүріс бөлігінің ені 2 тротуармен, екі жергілікті поездбен және алты жолақпен бірге — 42 метр құрайды, қозғалыс жолағының ені 3,5 м.
Сондай-ақ, 2 жол өтпесі қарастырылған:
— Д.Қонаев даңғылы және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысындағы туннель;
— Д.Қонаев даңғылы мен Володарская көшесінің қиылысындағы көпір.
6 инженерлік желісі бар:
1. Газ;
2. Су;
3. Кәріз құдығы;
4. Жарық;
5. Телекоммуникация және жылу трассасы.
2022 жылдың аяғына жоспар бойынша нысанды тапсыру жоспарлануда.
#deputatnurotan
© Didarbek.kz