Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРАДЫ

МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРАДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Ғани Ташкараев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасының ұжымымен кездесті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы аясында салынған мекемеде балаларға жедел және жоспарлы түрде көмек көрсетілетін хирургиялық, травматологиялық педиатриалық- саматикалық көмек көрсетіліп келеді.
Мекеме толықтай керекті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған.
Кездесуге қатысқан ұжым Халық қалаулысына көкейдегі мәселелері мен арыз-шағымдарын жеткізді.
Солардың бірі – қазіргі уақытта ауруханаға арнаулы дәрігерлердің жетіспейтідігі.
Сонымен қатар, балалар ауруханасында 15 орындық паллиативті күтім жасайтын бөлім жұмыс істейді. 15 орынның барлығы науқасқа толы. Осыған орай, бұндай көмек көрсететін арнайы орталық ашылса деген ниеттерін де жеткізді.
Алдағы уақытта ұжым тарапынан көтерілген мәселелерді көтеретінін және шешу жолдарын қарастыратынын жеткізген депутаттың ауруханаға ат басын бұрғанына қуанышты екендерін де жеткізді.
Нравится

Комментировать
Поделиться

Пікір жазу