ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Берік Бекжанов, Ғани Тәшқараев, Мұхтар Ерман және «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасына енген «Құрсай» шағын ауданындағы 500 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Инвестор есебінен жүргізіліп жатқан жобаның құны – 835 млн тенге. Дегенмен, 645 миллион теңгеге құрылысты аяқтау жоспарлауда.
Жер телімінің жалпы ауданы 0,83 га. Мердігер мекеме «Бекназ и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы мектептің құрылысы биыл қыркүйек айына дейін аяқталатынын жеткізді. Нысанның құрылысы былтыр қараша айында басталған. Қазіргі таңда нысан құрылысының 60 пайызы орындалған.
Бұл құрылыс нысаны Абай ауданындағы үш ауысымды мектептер мәселесін түпкілікті шешу мақсатында жүргізілуде. Жаңадан салынып жатқан мектеп пайдалануға берілсе «Құрсай» шағын ауданындағы көптеген оқушының бір ауысымда білім алуына мүмкіндік туады.
Бүгінде «Құрсай» шағын ауданындағы оқушылар саны 3112-ге жеткен.
Жалпы, 2025 жылға дейін Шымкентте 85 мектеп салынады. Оның кем дегенде 70 пайызы жеке инвесторлардың қаржысына бой көтермек. Қазіргі таңда 13 мектеп үш ауысым бойынша жұмыс істейді. Тағы 30 білім ұясында орын тапшылығы байқалады.
#deputatnurotan
© Didarbek.kz