Қазақстан Республикасы Парламенті мәжіліснің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов Nur Otan партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енген «Цитадель» музейін қайта құру жұмыстарының аяқталу барысымен танысты.
«Цитадель»- Шымкент қаласының бірегей тарихи- мәдени аймағы. Қала орталығында орналасқан ежелгі қалашықтың бекінісінде тарихи мұраны, археологиялық ескерткіштерді, архитектураны, мәдениет объектілерін сақтауға бағытталған ғылыми және туристік жобалар қарастырылған. Қат-қат құндылықтарға толы, құрылыс қалдықтары, қаншама мәдени қабаттар жұмбақтарын жайып салды. Талай-талай тарихи тұғырлар қалпына келтірілді. Бағзыдағы баға жеткісіз бәдізді ескерткіштер, археологиялық мән-манызы өлшеусіз бұйымдардың сыңғыр-сынықтары, арғы ата-бабаларымыздың алақандарында жақұттай жарқыраған жәдігерлік дүниелер біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың соңы мен біздің заманға тиесілі бірінші мыңжылдықтың алғашқы жартысындағы жағдаяттардан сыр шертеді.
Цитадель қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының ең қызықты нысандардың біріне айналуы тиіс. Айта кететіні Цитадель – еліміздегі қаланың орталығында және ең биік жерінде орналасқан жалғыз ескерткіш болып табылады.
#deputatnurotan
© Didarbek.kz