Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ

ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ

Зейнетақы төлемдерін Egov.kz арқылы онлайн режимінде рәсімдеуге болады

2020 жылы індеттің басталуына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібін жеңілдетті. Жасына байланысты зейнетақы тағайындауға өтінішті Egov.kz портал арқылы онлайн беруге болатынын ескертеміз.
Egov.kz арқылы зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін төменде нұсқаулық көрсетілген:
— Egov.kz порталда ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіңіз.
— «Сервистер» бөлімінде «Электрондық өтініштер» санатынан «Қызметке онлайн тапсырыс беруді» таңдаңыз.
— Өтініш жасап, деректерді толтырыңыз. «Мемлекеттік қызметтің атауы» бағанында «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» тармағын таңдаңыз.
— «Алушы» бағанында сіздің тұратын жеріңізге байланысты «Азаматтарға арналған үкіметтің» өңірлік филиалын таңдайсыз.
— Қажетті сканерленген құжаттарды тіркеп, ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қоясыз. Қызмет мәртебесі сіздің жеке кабинетіңізде көрсетілетін болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын беріледі.
Азаматтарды алдын ала брондау арқылы қабылдайтын ХҚО-ларда да өтініш беруге болады.
Сонымен бірге, 2021 жылдың басынан бері 1 606 шымкенттік жасына байланысты зейнетақы тағайындауға өтініш берген. Өткен жылдың осы кезеңінде 1 234 қала тұрғыны зейнетке шықты.

Пікір жазу