Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ВАКЦИНАЦИЯ – ПАНДЕМИЯНЫ ТОҚТАТУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ

ВАКЦИНАЦИЯ – ПАНДЕМИЯНЫ ТОҚТАТУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ

Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят и на открытом воздухе)
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы «Вакцинация – пандемияны тоқтатудың жалғыз жолы» тақырыбында қазақстандықтарға үндеу жолдаған болатын. Осыған орай, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев, төраға орынбасары Руслан Ақжігітов, бөлім басшысы Ермек Қаңлыбаев, кәсіподақ мамандарымен бірлесе «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес саласы қызметкерлерінің кәсіподағы Шымкент қалалық филиалы құрамындағы «Shymkent Bus» ЖШС-і жұмысшыларына кешкі кезеңде санитарлық талапты сақтай отырып, үндеуді насихаттап, вакцинацияланбаған жұмысшыларға екпе алудың маңыздылығын атап өтіп, індеттен уақтылы сақтануға шақырды.
Возможно, это изображение (2 человека и люди стоят)
Айта кетейік, компания құрылғанына биыл 2 жыл толып отыр. Ал, бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылғанына 1,5 жыл толды. Бүгінгі таңда «Shymkent Bus» ЖШС-інде 1000-нан астам жұмысшы жұмыс жасайды, оның 700-і кәсіподақ мүшесі, жүргізушілерінің 95 пайызы вакцина алған, ал кондукторлардың тең жартысы коронавирусқа қарсы екпе қабылдамаған, кәсіподақ мүшелерінің барлығы вакцина алғаны анықталды.
Возможно, это изображение (1 человек и в помещении)
Кәсіподақ төрағасы бастаған мамандар кешкі жұмыстан қайтар кезеңде автобустардың тұрақты түрде дезинфекцияланатынын көрді.
Кездесуді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қарлығаш Қолдасбекова ұйымдастырды.
Возможно, это изображение (на открытом воздухе)
Бұл мәселеде қоғамдық көлік қызметкерлерін вакцинациялау маңызды құрал болып табылады. Себебі күнделікті әр кондуктор кем дегенде 500 ге жуық қала тұрғынымен байланыста болады. Вакцинация – бұл пандемияны тоқтатудың, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің, жұмысшылар мен олардың отбасыларының денсаулығын қорғаудың жалғыз жолы. Елде вакцинация алғысы келетіндердің барлығына ақысыз вакцинация алуға және ауыр індеттің таралуына жол бермеуге жағдай жасалған.
Возможно, это изображение (5 человек, люди стоят и в помещении)
Еске салсақ, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы жұмыскерлерді өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығына қамқорлық танытып, қауіпсіз жағдайда жұмыс істеу үшін COVID-19 қарсы вакцина алуға шақырды.
Возможно, это изображение (1 человек и стоит)
Кәсіподақ активтерін, кәсіподақ мүшелерін:
— өзіңіз вакцина алып, өміріңіз бен денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараудың үлгісі болуға;
— коронавирустың алдын алу және қорғау шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз.
Біз барлық меншік формасындағы ұйымдардың басшыларын:
— COVID-19 таралуына қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылауды күшейтуге;
— қызметкерлердің вакцина алуын ұйымдастыруға (медициналық ұйымда немесе кәсіпорын аумағында);
— вакцинацияланған жұмысшыларға қосымша әлеуметтік кепілдіктерді қарастыруға (жалақы сақтала отырып, вакцинация күнінде демалыс күнін, демалысқа қосымша ақылы күнді, материалдық төлемдерді және т.б. қарастыру);
— вакцинациядан бас тартқан жұмысшыларға тәртіптік жаза қолданбауға шақырамыз.
Алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары жалғасын табатын болады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу