Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Шымкенттік тұрғыннан 264 келі қарасора тәркіленді

Шымкенттік тұрғыннан 264 келі қарасора тәркіленді

Возможно, это изображение (один или несколько человек и люди стоят)
Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тыйым салынған өсімдіктерді өсіру фактісін анықталды.
Полицейлер Қайнар-бұлақ саяжайының тұрғыны өз ауласында құрамында есірткі бар өсімдік – қарасораны ірі мөлшерде өсіргенін анықтады. Тәртіп сақшылары тінту кезінде жалпы салмағы 264 келіден асатын 1426 дана қарасора бұтасын тәркілеп алды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
© Шымкент қаласының Полиция департаменті

Пікір жазу