Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

🖊 Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «30 игі іс» қайырымдылық марафоны айдарымен өткізілуде.

📌 Аталған акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету.

📍Шараға “Nur Oran” партиясы Әл-Фараби аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Үсіпахметов Зангарбек Нышанбекұлы мен
Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Байконысов Ербол Рабілұлы қатысты.

✅ Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшесі Керимбаева Наргиза Абадуллақызының демеушілігімен 100 балаға керек-жарағымен жабдықталған сөмкелер мен мектеп формалары табысталды. Карантиндік талаптарға сәйкес, шара барасында 30 оқушыға беріліп, қалғаны үйлеріне жеткізілді.

Пікір жазу