«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясындағы «Мектепке жол» республикалық акциясы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «30 игі іс» қайырымдылық марафоны айдарымен өткізілуде.
Жаңа оқу жылына дайындық уақытында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларын қолдап, көмек көрсету мақсатында өткізілген «Мектепке жол» акциясы «Низамхан» орта мектебінде жалғасты.
Аталған шараға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Шымкент қаласы, Сайрам ауданының құрметті азаматы, «Низамхан» мектебінің құрылтайшысы Низамхан Сүлейманұлы, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Лазиз Сулайманов бен «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдез Рахманұлы қатысты.
Қалалық мәслихат депутаты Сулейманов Лазиздің демеушілігімен 236 балаға құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды.
© didarbek.kz
Фото – ОТТ Станислав.