Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » “ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР” АТТЫ БЕС ЖЫЛДЫҚ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ЖОЛ КАРТАСЫНА ЕНГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ОРЫНДАЛУДА

“ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР” АТТЫ БЕС ЖЫЛДЫҚ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ЖОЛ КАРТАСЫНА ЕНГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ОРЫНДАЛУДА

Возможно, это изображение (1 человек и в помещении)
Халық қалаулылары жайлы әңгімеміздің бүгінгі кейіпкері – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбаев. Байкен-бауырымыз Отан үшін, ел үшін жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі және бірегейі. Оның тындырымды істерін көріп, сайлаушылар депутатты емес, депутат сайлаушысын іздегеніне куә болдық. Еңбекші ауданының тұрғындары сөзімді растар. Әр тұрғынды байыппен тыңдап, пайымды жауабын беретін халық қалаулысы мәслихат сессияларында да қала тұрғындары көтерген мәселелерді ортаға салып, шешу жолдарын қарастырып келеді.
«Жақсының шарапаты – көпке» демей ме халық. Нағыз ер қай жерде де көш бастаушы ғой. Қасиетті Рамазан айында Байкен бауырымыздың демеушілігімен 500-ден аса отбасыға қайырымдылық көмек жасалғанын да ұмытпадық. Бұдан бөлек, жүздеген отбасыларға кезең-кезегімен жәрдемін берді.
Байкен Әшірбайұлы – халық игілігі үшін өз қалтасынан қомақты қаржы жұмсап жүрген атымтай жомарт. Жыл басында Еңбекші ауданындағы «Жұлдыз» аумағы және «Бадам-1» елді мекендеріндегі екі көпірдің құрылысы Байкеннің демеушілігімен сәтті аяқталған. Ердің мұраты – елдің қамы. Халық даналығы осындай жомарт жандарды құрметтеп, «Қолы ашықтың – жолы ашық» деп мерейін асырады.
Сонымен қатар, қазіргі қиын да күрделі сәтте мәслихат депутаты тұрақты түрде «Зерде», «Europharma», «Фармлайн», «120/80», тағы басқа дәріханаларға қоғамдық бақылау жүргізгенін де білеміз. Жауапкершілікті терең сезінетін шақта ел денсаулығына алаңдап, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне жол берілмеуін қадағалады.
Мәслихат – халық пен билік арасын берік жалғап, әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды келісе атқаруға жол ашқан ашық алаңға айналды. Осыған себепкер Байкендей белсенді депутаттар екені дау тудырмайды. Ең бірінші адамға қажеті – сенім. «Депутаттық мандат — халық аманаты» деп, міндетін абыроймен атқарып жүрген азаматтың ісіне сәттілік тілеймін! Халық сенімінің үдесінен шығарына еш күмәнім жоқ!..
© Әсет Әссанди,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Пікір жазу