Бүгінде қоғамның қозғаушы күшіне айналған жастардың жанашыры, жақсылықтың бастамашысы «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған Жастар кеңесінің мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев нәтижелі жұмыс атқарып келеді.
Жастардың әлеуетінің артуы, қарымының қарыштауына белсене атсалысып, біршама істердің ұйытқысы болып жүрген халық қалаулысы «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған Жастар кеңесінде «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» Шымкент қаласының ЖОЛ КАРТАСЫН жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне мүмкіндігі, жастардың өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік ахуалын жақсарту және дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша 100 нақты шаралардың нәтижелі жүзеге асуына ықпал жасауда.
Сондай-ақ жастар тарапынан ұйымдастырылатын барлық шаралар мен түрлі акцияларға қатысып, төбе көрсетіп жүрген нар тұлғалы азамат.
Сондай-ақ биылғы жылы дәрігерлердің жұмысын дәріптеп, оларға құрмет жасаудың өнегелі бір үлгісін көрсетуге дәріптеген ”Рахмет саған, дәрігер!” атты жаңа авторлық жоба жарық көрген болатын. Ел ықыласына бөленген бұл жобаны телевизиялық нұсқаға айналдыруға өзі бастамашы болып, қалалық мәслихаттың сессиясында мақұлдап, игі жобаны қолдаған депутаттың бірі де, бірегейі -Талғат Балтабаев болатын.
Тағы да айта кететін болсақ Шымкент қаласы мәслихат депутаты Талғат Балтабаев депутаттық сауал жолдап, Қайнарбұлақ елді мекеніндегі өзекті мәселенің шешілуіне ықпал етіп, көкейтесті мәселесін арқалап талай есіктің табалдырығын тоздырған. Өзекті де өткір мәселеге дер кезінде назар аударып, түйткілді түйіннің шешілуіне ықпал еткен халық қалаулысына тұрғындар дән риза.
© Didarbek.kz