Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ САПАЛЫ ӘРІ ӨЗ МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛУЫ МАҢЫЗДЫ

ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ САПАЛЫ ӘРІ ӨЗ МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛУЫ МАҢЫЗДЫ

Возможно, это изображение (1 человек и сидит)

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Бюро отырысы өтті.

Жиын партияның Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың жетекшелігімен жүргізілді.

Отырыста партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін бекітілген Жол картасының орындалу барысы талқыланды. Күн тәртібінде бекітілген Жол картасын іске асыруда орындалмау қаупі бар тармақтар қаралып, ол бойынша жауапты басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Возможно, это изображение (Жанар Бектаева и сидит)

Атап айтқанда, Жол картасының 68-тармағы бойынша қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков есеп берсе, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков Жол картасының 70-тармағы бойынша тиісті ұсынысын ортаға салды. Ол аталған тармақ бойынша 136 гектар құрайтын «Агроиндустриалды аймақ» құру және 71-тармақ бойынша 89 гектар аумаққа жыл сайын 15-20 га жылыжай салуды іске асыруда инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмесе жобалардың жүзеге аспау қаупі бар екенін ескертті.

Бюро отырысында баяндалған Жол картасының осы және өзге де тармақтарының орындалуы бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, олардың сапалы іске асырылуы талқыланды.

Возможно, это изображение (1 человек и стоит)
Өз кезегінде Мұрат Дүйсенбекұлы қалалық партия филиалы мен жауапты басқарма басшыларына Жол картасында көрсетілген индикаторларды сапалы және өз мерзімінде орындалуын ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар орындалмай қалу қаупі бар 9 іс-шараның жұмысын және нысандарға бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алуды міндеттеді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

© Didarbek.kz

Пікір жазу