Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай SHYMKENT NOMAD FILM FEST қысқаметражды фильмдер фестивалінің салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев, қазылар алқасы, зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Фестиваль «Самғау» деген атаумен 5 жыл қатарынан өткізілген болатын. Бірақ елдегі эпидахауалдың күрделенуіне байланысты 2 жылға тоқтатылған еді. Биыл «Shymkent nomad film fest» қысқаметражды фильмдер фестивалі атауымен қайта бастау алды.
Биылғы қысқаметражды фильмдер фетиваліне 12 тамыз – 10 қыркүйек аралығында байқау жарияланған болатын. Байқауға қатысуға 30 үміткер ниет білдіріп, соның ішінен қазылар алқасының шешімімен, атап айтқанда Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Сайрам қосалқы мектеп-интернатының директоры, «Сайрам-Өркениет» БПҰ төрағасы Жадыра Таңатарова, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, қоғам белсендісі Талғат Балтабаев, режиссер, «TALAS» film киностудиясының басшысы Серік Таласов, танымал актер, жайдарманшы Марат Достаев, продюсер Бақберген Асанбаевтың шешімімен 10 кино туынды іріктеліп алынды.
Бас жүлде – «Әке» фильміне, режиссері — Алибек Ердаулет Сарсенбайұлы, І орынды – «Садақа» фильмі, режиссері — Болат Қожахмет Алматұлы, ІІ орын иегері — «Успех. Жетістік» фильмі, режиссері Педебида Дмитрий Владимирович, ІІІ орынды «Таңдау» фильмі, режиссері — Тілеуов Ерсұлтан Асылханұлы иеленді.
© Didarbek.kz